24 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №15-1/565

209 рет
көрсетілді
35 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 24 маусым, Астана қаласы «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі Энергетика министрі _____________Ә. Исекешев ___________ Е. Досаев ___________ В. Школьник 2015 жылғы 1 шілде 2015 жылғы 9 шілде 2015 жылғы 16 шілде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 15-1/565 бұйрығымен бекітілген «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: қызметті берушінің кеңсесі; «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 22 (жиырма екі) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық ұсынылмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартады; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: пестицидке (улы химикатқа) арналған тіркеу куәлігі. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге пестицидке (улы химикатқа) арналған тіркеу куәлігін алуға қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшының мөрімен және қолымен расталады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). 9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) ұсынатын құжаттардың тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге: пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге өтінім; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық және шаруашылықтық тиімділігін бағалау жөніндегі тіркеу және өндірістік сынақтардың нәтижелері туралы есептердің көшірмелері; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінде және қоршаған орта объектілерінде пестицидтің (улы химикаттың) қалдық мөлшерінің құрамын анықтау жөнінде жүргізілген жұмыстар нәтижелері туралы есептердің көшірмелері; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) өндірістік сынақтарын бағалау актісі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке (улы химикатқа) қысқаша дерекнама; пестицидтің (улы химикаттың) әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидтің (улы химикаттың) қауіптілігін гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидті (улы химикатты) өндіру және қолдану кезіндегі еңбек шарттарын санитариялық-гигиеналық зерттеулер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидті (улы химикатты) токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидті (улы химикатты) экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидті (улы химикатты) бал ара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидтегi (улы химикаттағы) әрекет етуші затты анықтаудың талдамалық әдісі. Көрсетілетін қызметті алушы әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді (бейімделген тәсілді ұсынуға рұқсат беріледі); тамақ өнімдерінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қоршаған орталарда объектілерінде және биологиялық орталарда пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшерін (қажет болса метаболиттерді) анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға жол беріледі); пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтері (пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең көп жол берілетін деңгейі, пестицидтің (улы химикаттың) санитариялық-тұрмыстық мақсаттағы су айдындарының суындағы шекті жол берілген концентрациясы (бұдан әрі – ШЖК), пестицидтің (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы ШЖК, пестицидтің (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауіпсіз әсер ету деңгейі, топырақтағы ШЖК) (Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдары бекіткен); «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының талаптарына сәйкес пестицидті (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) ұйымның стандарты, препараттық нысанның рецептурасы (Қазақстан Республикасында өндірілетін препараттар үшін); пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензиялық келісім (түпнұсқалары болмаған жағдайда, тексеру үшін нотариалдық куәландырылған көшірмесі), сондай-ақ пестицидті (улы химикатты) өндірушіге тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензия немесе рұқсат (Қазақстан Республикасы резиденті емес көрсетілетін қызметті алушыларға түпнұсқалары болмаған жағдайда, тексеру үшін нотариалдық куәландырылған көшірмелері); пестицидті (улы химикатты) өндіруші әзірлеген пестицидтің (улы химикаттың) қауіпсіздік паспорты; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдар; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараты бар пестицидтің (улы химикаттың) ыдыс заттаңбасы. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қайта тіркеу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке (улы химикатқа) қайта тіркеуге өтінім; бұрын қағаз тасығышта берілген пестицидке (улы химикатқа) арналған тіркеу куәлігінің түпнұсқасы; пестицид (улы химикат) туралы бұрын ұсынылмаған жаңа мәліметтер; 2) порталда: пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге өтінім; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық және шаруашылықтық тиімділігін бағалау жөніндегі тіркеу және өндірістік сынақтардың нәтижелері туралы есептердің электрондық көшірмесі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтердің (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерінің құрамын айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижелері туралы есептердің электрондық көшірмесі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) өндірістік сынақтарын бағалау актісінің электрондық көшірмесі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі пестицидке (улы химикатқа) қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі; пестицидтің (улы химикаттың) әрекет етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі есептердің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидтің (улы химикаттың) қауіптілігін гигиеналық бағалау жөніндегі есептердің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидті (улы химикатты) өндіру және қолдану кезіндегі еңбек шарттарын санитариялық-гигиеналық зерттеудің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидті (улы химикатты) токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалау туралы есептердің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидті (улы химикатты) экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидті (улы химикатты) бал ара шаруашылығы және мал шаруашылығы үшін ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін ұсынуға жол беріледі); пестицидтегі (улы химикаттағы) әрекет етуші затты анықтаудың талдамалық әдісінің электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушы әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді (бейімделген тәсілді ұсынуға рұқсат беріледі); тамақ өнімдерінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қоршаған орта объектілерінде және биологиялық орталарда пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшерін (қажет болса метаболиттерді) анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың электрондық көшірмесі (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға жол беріледі); пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтерінің электрондық көшірмесі (пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең көп жол берілетін деңгейі, пестицидтің (улы химикаттың) санитариялық-тұрмыстық мақсаттағы су айдындарының суындағы ШЖК, жұмыс аймағы ауасындағы ШЖК, пестицидтің (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауіпсіз әсер ету деңгейі, топырақтағы ШЖК) (Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдары бекіткен); «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының талаптарына сәйкес пестицидті (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) ұйымның стандарты, препараттық нысанның рецептурасы (Қазақстан Республикасында өндірілетін препараттар үшін) электрондық көшірмесі; пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензиялық келісім, сондай-ақ пестицидті (улы химикатты) өндірушіге тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензияның немесе рұқсаттың электрондық көшірмесі; пестицидті (улы химикатты) өндіруші әзірлеген пестицидтің (улы химикаттың) қауіпсіздігі паспортының электрондық көшірмесі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдардың электрондық көшірмесі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараты бар ыдыс заттаңбасының электрондық көшірмесі; пестицидтерді (улы химикаттарды) қайта тіркеу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы пестицидті (улы химикатты) қайта тіркеуге өтінім; пестицидтер (улы химикаттар) туралы бұрын ұсынылмаған жаңа мәліметтерді қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі. Пестицидтің (улы химикаттың) бұрын берілген қағаз тасығыштағы тіркеу куәлігі пестицидті (улы химикатты) қайта тіркегенге дейін қайтаруға жатады. Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензиялар туралы құжаттар жөніндегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты және құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіле отырып, оның көшірмесіне тіркеу туралы белгі қою болып табылады; портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші не Министрлік басшысының атына беріледі. Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, не жұмыс күндері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымда: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі; 2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу уақыты мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелгені (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы ұсынылады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетінен» өтініштер туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе шағымды қараудан бас тарту туралы жауап) жаңарып отырады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа өтініш жасайды. 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болу шартымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефоны 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім Тiркелушi (өтінім беруші) _______________________________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы) _______________________________________________________________________________ (мемлекет, мекенжай, телефон, факс, е-mail) Қолдану регламенттерімен мынадай пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу жүргізуді сұраймын: Пестицидтің (улы химикаттың) саудалық атауы, препараттық нысаны, әрекет етуші затының құрамы, әрекет етуші затты өндіруші, тiркелушi (өтінім беруші) Пестицидтің (улы химикаттың) шығыс нормасы (литр/гектарға, килограмм/гектарға, литр/тоннаға, килограмм/тоннаға) Дақыл, өңделетін объект Зиянды организм Өңдеу тәсілі, уақыты, жұмыс сұйықтығының шығысы, шектеулері Соңғы өңдеу мерзімі, өнімді жинауға дейінгі күн-дерде, ең көп өңдеу еселігі 1 2 3 4 5 6 Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін _____________________________ ______________________________________ (лауазымы, қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөр орны _______________ (күні) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан Құпия «Бекiтемiн» ________________________________ (орындаушы ұйымның басшысы) ________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ________________________________ (қолы) 20 ___ жылғы «___» _________ Пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық және шаруашылықтық тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі тіркеу (өндірістік) сынақтарының нәтижелері туралы есеп 1. Пестицид (улы химикат) (саудалық атауы), препараттық нысаны, тiркелушi (өтінім беруші) ел, әрекет етуші заты, мақсаты (фитосанитариялық). 2. Пестицидке (улы химикатқа) сынақтар жүргізу орны. 3. Дақыл, сорт, екпелердің жасы, отырғызу схемасы. 4. Топырақ (түрі, механикалық құрамы, қарашiрiндінің құрамы, рН). 5. Агротехника (алғы дақыл, топырақты өңдеу, себу мерзiмдерi, себу нормасы, қатараралықтар ені, егiстiктi күту жөніндегі іс-шаралар). 6. Зиянды организмдер (оған қарсы препарат сыналатын нақты зиянды объектілерді көрсету). 7. Тәжірибе нұсқалары. 8. Сынақ түрі (танаптық – тіркеу немесе өндірістік), тәжірибелі мөлдектер алаңы, қайталану саны. 9. Препаратты қолдану мерзiмдерi (ауыл шаруашылығы дақылдары мен зиянды организмдердің даму фазасы) мен тәсiлдерi (жаппай өңдеулер, тосқауылды өңдеулер, аз көлемді, ультра аз көлемді бүрку, уландырылған еліктіргіштер түрінде қолдану, қойма үй-жайларын фумигациялау және тағысын тағылар). 10. Бүрiккiш түрі, жұмыс сұйықтықтарының шығыс нормасы. 11. Вегетациялық кезеңнің ауа-райы жағдайларының ерекшелiктерi (жауын-шашын көлемі, ауа температурасы мен ылғалдылығы) (орташа көпжылдық көрсеткіштермен салыстыра отырып келтіру). 12. Зиянды организмдердің есебін жүргізу әдiстемесi. 13. Өнімнің есебін жүргізу әдiстемесi. 14. Биологиялық және шаруашылықтық тиiмдiлiк (кестелер түрінде келтіру). 15. Пестицидтің (улы химикаттың), оның iшiнде мақсатты емес объектілерге (түрлерін көрсету) бақыланатын жанама әсері, препаратпен жұмыс iстейтiндердiң терісіне, тыныс жолдарына әсерін, өзге де кері нәтижелерді (байқалса) көрсету. 16. Сыналатын пестицидтің (улы химикаттың) ауыл шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектiлерiндегі қалдық мөлшерінің құрамы (зерттелген болса). 17. Сыналатын пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық және шаруашылықтық тиiмдiлiгi туралы нақты қорытындылар. 18. Препараттың сыналған шығыс нормалары мен жұмыс сұйықтығының шығыс нормаларында пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу орындылығы немесе оларды нақтылау мақсатында, сондай-ақ тіркеуге ұсынылған препаратты қолдану регламенттері бойынша тіркеу немесе өндiрiстiк сынақтарын жалғастыру туралы ұсыныстар. Жұмысты орындаушылар: ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ______________________________ (лауазымы) ______________________________ ___________ (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы) (қолы) Мөр орны _____________________ (күні) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Нысан «Бекiтемiн» ____________________________ (орындаушы ұйымның басшысы) ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ____________________________ (қолы) 20 ___ жылғы «___» _________ Өсімдік шаруашылығы өнімінде және қоршаған орта объектілерінде пестицидтің (улы химикаттың) қалдық мөлшерінің құрамын анықтау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы есеп 1. Жалпы ереже. 2. Тәжірибенің мақсаты мен міндеттерінің қысқаша негіздемесі. 3. Пестицидтің (улы химикаттың) қысқаша сипаттамасы: 1) өтінім беруші, өндіруші; 2) саудалық атауы; 3) әрекет етуші заты; 4) препараттық нысаны; 5) молекулалық массасы; 6) эмпириялық формуласы. 4. Тәжірибенің жалпы сипаттамасы: 1) салу орны; 2) жүргізу мерзімі; 3) дақыл; 4) тәжірибе түрі; 5) агротехника; 6) күту жөніндегі іс-шаралар. 5. Топырақ пен метеорологиялық жағдайлардың сипаттамасы. Орындаушы: ___________________ __________________________________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Мөр орны ____________________ (күні) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша Нысан «Бекiтемiн» ____________________________________ облысы бойынша (облыс атауы) __________________________________________ басшысы (Ведомствоның аумақтық инспекциясының атауы) __________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) __________________________________________________ (қолы) 20 ____ жылғы «____» _________________ Пестицидтің (улы химикаттың) өндiрiстiк сынақтарын бағалау актісі _______________________________________________________________ қарсы (зиянды организмдер) ________________________________________________________ фирмасының әрекет етуші заты ____________________________________________________ __________________________ пестицидің (улы химикатың) өндiрiстiк сынағы Бiз, ____________________________________________________________________ (Ведомствоның облыстық аумақтық инспекциясының атауы) өсiмдiктердi қорғау және (немесе) өсімдіктердің карантині бөлiмiнiң басшысы ____________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ____________________________________________________________________, (Ведомствоның аудандық аумақтық инспекциясының атауы) өсімдiктердi қорғау және (немесе) өсімдіктердің карантині бөлiмiнiң басшысы ____________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) шаруашылық басшысы (немесе ауылдық округ әкiмi) ______________________ ____________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), ұйымның атауы) жауапты орындаушы ________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), ұйымның атауы) ___________________________ облысы ___________________________ ауданы _________________________________________________________ жерлерінде (шаруашылық немесе ауылдық округ атауы) ____________________________________________________________________ __________________________________________________________ егістерінде (немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлерде) ______________________________________________________________ қарсы (зиянды организмдер) _________________________________________________________фирмасының ____________________________________________________________________ пестицидтің (улы химикаттың) өндiрiстiк сынағы жүргізілгенгендігі туралы осы актiнi жасадық. Пайдаланатын аппаратура _______________________________________ Тәжірибелі мөлдектер алаңы _____ гектар Өңдеу еселiгi ____________________ (өңдеу саны) _________________________________ пестицидтің (улы химикаттың) өндірістік сынақтарының нәтижелері бойынша _____________________________ егістерінде (немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлерде) ____________________________________ қарсы _____ (литр/тоннаға, килограмм/гектарға) (зиянды организмдер) шығыс нормасында _____________________________________________________________ әдіспен мемлекеттік тіркеуге ұсынылады. Тексеру қорытындылары бойынша есеп ______ бетте қоса беріліп отыр. Ведомствоның ____________________________________ облыстық аумақтық инспекциясының өсiмдiктердi қорғау және (немесе) өсімдіктер карантині бөлiмiнiң басшысы _______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), қолы) Ведомствоның ________________________________________________ облысы аудандық аумақтық инспекциясының өсiмдiктердi қорғау және (немесе) өсімдіктер карантині бөлiмiнiң басшысы ___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), қолы) Шаруашылық басшысы (немесе ауылдық округ әкiмi) _____________________________________________ __________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), қолы) Жауапты орындаушы ________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), ұйымның атауы) 20___ жылғы «____»____________________ Мөр орны _______________ (күні) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша Нысан Пестицидке (улы химикатқа) қысқаша дерекнама ____________________________________________________________________ (тiркелушi (өтінім берушi) заңды немесе жеке тұлғаның атауы) ____________________________________________________________________ (заңды мекенжайы, нақты мекенжайы, телефон, факс, е-mail) ____________________________________________________________________ (пестицидтiң (улы химикаттың) атауы) 1. Негізгі мәліметтер. 1.1. Пестицидтiң (улы химикаттың) атауы. 2.1. Өндіруші (атауы, заңды мекенжайы, нақты мекенжайы, телефоны, факсы, е-mail). 3.1. Пестицидтiң (улы химикаттың) мақсаты. 4.1. Әрекет етуші заты. 5.5. Әрекет етуші заттың химиялық сыныбы. 6.1. Әрекет етуші заттың концентрациясы (грамм/литрге немесе грамм/ килограммға). 7.1. Пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысаны. 8.1. Пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған кауіпсіздік паспорты. 9.1. Қазақстан Республикасы және Кеден одағы елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидке (улы химикатқа) арналған нормативтік және/немесе техникалық құжаттама. 10.1.Пестицидтi (улы химикатты) өндірушінің оны тіркеуге ұсынуға рұқсаты (егер өндірушінің өзі тiркелушi болмаған жағдайда). 11.1.Тiркелушiге пестицидті (улы химикатты) өндірушіні білдіруге рұқсат (микробиологиялық препараттар үшін). 12.1.Пестицидті (улы химикатты) басқа елдерде тіркеу (тіркеу куәлігінің нөмірі, берілген күні, пестицидті (улы химикатты) қолдану аясы мен регламенттері). 2. Пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық тиімділігін, қауіпсіздігін бағалау жөніндегі мәліметтер. 2.1. Әрекет ету спектрі. 2.2. Пестицидті (улы химикатты) қолдану аясы: 1) дақылдар; 2) зиянды объектілер (латынша атауларымен) немесе мақсаты. 2.3. Ұсынылатын қолдану регламенттері: 1) өңдеулер жүргізу мерзімі; 2) қорғалатын дақылдың даму фазасы; 3) зиянды организмнің даму фазасы (сатысы); 4) өңдеулер дүркіндігі; 5) өңдеулер арасындағы аралық. 2.4. Пестицидтің (улы химикаттың) ұсынылатын шығыс нормасы және оны қолдану тәсілі. 2.5. Ұсынылатын күту мерзімі (өнімді жинауға дейінгі күндерде). 2.6. Зиянды организмдерге әсер ету түрі (тетігі): 1) жүйелі; 2) жанаспалы; 3) өзге. 2.7. Қорғау әрекетінің кезеңі. 2.8. Селективтілігі. 2.9. Әрекет ету жылдамдығы. 2.10. Басқа препараттармен үйлесімдігі. 2.11. Биологиялық тиімділігі: 1) зертханалық және өсіп-өну кезеңіндегі тәжірибелер; 2) танаптық тәжірибелер. 2.12. Фитоуыттылығы, қорғалатын дақылдардың төзімділігі 2.13. Төзімділіктің туындау мүмкіндігі. 2.14. Дақылдардың ауыспалы егісте ауысу мүмкіндігі. 2.15. Басқа елдерде пестицидтің (улы химикаттың) био­ло­гиялық тиімділігін және қауіпсіздігін бағалау нәтижелері: 1) ел; 2) қорғалатын дақыл; 3) зиянды организм. 2.16. Басқа елдерде пестицидтің (улы химикаттың) қалдық мөлшерлерін анықтау нәтижелері. 2.17. Пестицидінің (улы химикаттың) қорғалатын агроценоздың пайдалы энтомофаунасына әсер етуі. 3. Пестицидтің (улы химикаттың) физикалық-химиялық қасиеттері. 3.1. Пестицидтің (улы химикаттың) әрекет етуші затының физикалық-химиялық қасиеттері: 1) әрекет етуші зат; 2) құрылымдық формуласы (оптикалық изомерлері көрсетілсін); 3) эмпириялық формуласы; 4) молекулалық массасы; 5) агрегаттық күйі; 6) түсі, иісі; 7) 200 С және 400 С кезіндегі бу қысымы; 8) суда ерігіштігі; 9) органикалық еріткіштерде ерігіштігі; 10) n-октонол/су бөліну коэффициентi; 11) балқу температурасы; 12) қайнау және қату температурасы; 13) тұтану және жалындау температурасы; 14) 200 С кезінде су ерітiндiлерінде (рН 5, 7, 9) тұрақтылығы; 15) тығыздығы (зат газ күйiнде болған жағдайда 00 С және 760 миллиметр сынап бағанасындағы тығыздық көрсетілсін). 3.2. Техникалық өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері: 1) техникалық өнiмнiң тазалығы, қоспалардың сандық және сапалық құрамы; 2) агрегаттық күйi; 3) иiсi, түсi; 4) балқу температурасы; 5) жалындау және тұтану температурасы; 6) тығыздығы (зат газ күйінде болған жағдайда 00 С және 760 миллиметр сынап бағанасындағы тығыздық көрсетілсін); 7) термо және фототұрақтылығы; 8) техникалық өнiмнің тазалығын анықтауға арналған, сондай-ақ өнімнің құрамын, изомерлерді, қоспаларды анықтауға мүмкіндік беретін талдау әдісi. 3.3. Пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысанының физикалық-химиялық қасиеттері: 1) агрегаттық күйі; 2) иiсi, түсі; 3) сулы эмульсияның немесе суспензияның тұрақтылығы; 4) pH; 5) ылғал құрамы (%); 6) тұтқырлығы; 7) шашыраңқылығы; 8) тығыздығы; 9) бөлшектер мөлшері (ұнтақ, түйiршiк және басқалар); 10) дымқылданғыштығы; 11) тұтану температурасы; 12) кристалдану температурасы, аязға төзімділігі; 13) ұшқырлығы; 14) нығыздалу туралы деректер; 15) коррозиялық қасиеттері; 16) қоспалардың сандық және сапалық құрамы; 17) сақтау кезіндегі тұрақтылығы. 3.4. Пестицидтiң (улы химикаттың) құрамы: 1) әр құрамдық бөлігі үшін химиялық атауы; 2) препараттық нысанындағы құрамдық бөліктердің функционалдық мәні және олардың құрамы. 4. Микробиологиялық пестицидтер (улы химикаттар). Белсенді ингредиент пен препараттық нысанның (микроорганизмдердің тіршілік әрекеті өнімдері негізіндегі бактериялық, саңырауқұлақты, вирустық, микроспороидалық препараттардың) қасиеттері және құрамы туралы мәліметтер. 4.1. Штамм-продуценттің қасиеттері: 1) микроорганизмнің түр атауы (латынша атауы); 2) штамның (изоляттың) нөмірі немесе атауы; 3) штамды бөлу көзі; 4) дақылдық-морфологиялық және биохимиялық қасиеттері, идентификациялау тестілері мен критерийлері (сондай-ақ сәйкестендіруді жүргізген ұйым көрсетілсін); 5) зиянды объектіге қатысты патогендік немесе антогонизм; 6) осы түрдің қолда (оның ішінде шетелде) бар штамдардан айырмашылығы; 7) микроорганизмдердің сол түрінің өзге штамдарының жасушаларын лизистейтін фагтарға қатынасы; 8) штамды сақтау тәсілі, шарттары және сақтау ортасының құрамы; 9) микроорганизмдерді көбейту тәсілі, шарттары және көбейту ортасының құрамы. Вирустар мен микрос­поридиялар үшін өсіруге арналған өзіне тән шикізаттың сипаттамасы көрсетіледі; 10) микроорганизмді қоршаған ортаның микробтық қауымдастықтарында және биоматериалдарда табу тәсілі; 11) штаммен синтезделетін өнім (химиялық құрамы, құрылымдық формуласы, тұрақтылығы, қалдықтарды анықтау әдісі); 12) нысаналы объектіге әрекет ету тетігі. 4.2. Пестицидтің (улы химикаттың) препараттық нысанының сипаттамасы: 1) пестицидтің (улы химикаттың) құрамы: бастапқы әрекет етуші (тірі жасушалардың немесе олардың тіршілік әрекеті өнімінің титрі, вирустық түйіршіктердің, қосынды­лардың титрі) қосалқы зат